Төтенше жағдай кезіндегі төлемдер. Декреттегі аналардың жағдайы қалай өзгереді?

925
1 сәуірден бастап АЕК өзгеруіне байланысты зейнетақы және барлық жәрдемақылардың мөлшері 5 пайызға артты. Декреттегі аналарға берілетін төлем де өсті.
Коронавирус пандемиясына орай жарияланған төтенше жағдайға байланысты Қазақстанда табысынан айырылған азаматтарды қолдау жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурызда жасаған мәлімдемесінде зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырған болатын. Ал 1 сәуірден бастап елімізде АЕК мөлшері, күнкөріс деңгейі және ең төменгі зейнетақы мөлшері өсті. Тиісінше декреттегі аналар алатын төлемдер мөлшеріне де өзгеріс енді. Бүгін соларды сөз етеміз.
Бала тууға байланысты берілетін бір реттік төлем
Бұл әлеуметтік төлем 1 сәуірден бастап енді келесі мәндерге ие:
  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 105 564 теңге (бұрын – 95 950 теңге);
  • төртінші және одан көп балаға – 175 014 теңге (бұрын – 159 075 теңге).
Дүниеге егіз, үшем, төртем келген жағдайда төлем әр балаға бөлек-бөлек аударылады.
Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы
Жәрдемақы бала бір жасқа толғанға дейін ай сайын төленеді. Ол төмендегі екі қаржыландыру көзінен төленеді:
  • Республикалық бюджет;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
Декретке шыққанға дейін жұмыс істемеген әйелдердің барлығына жәрдемақы бюджеттен төленеді. Оның көлемі отбасындағы бала санына байланысты:
  • бірінші балаға – 16 002 теңге ( бұрын – 14 500 теңге);
  • екінші балаға – 18 919 теңге (бұрын – 17 196 теңге);
  • үшінші балаға – 21 808 теңге (бұрын – 19 823 теңге);
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 24 725 теңге (бұрын – 20 500 теңге).
Жұмыс берушісі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ақша аударған жұмыс істейтін әйелдің екі түрлі төлем алуға құқығы бар:
  • Бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы – соңғы екі жылда анасының тапқан орташа айлық табысының 40%-ы көлемінде;
  • Жүктілік және бала тууға байланысты төлемдер көлемі – әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты тағайындалады.
Яғни, әлеуметтік төлемнің мөлшері әр адамға әртүрлі мөлшерде орташа айлық табысына байланысты Әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалады және төленеді.
Көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыТөрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізуді көздейді. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады:
  • төрт балаға – 44 532 теңге (бұрын – 42 496 теңге);
  • бес балаға – 55 672 теңге (бұрын – 53 127 теңге);
  • алты балаға – 66 811 теңге (бұрын – 63 757 теңге);
  • жеті және одан көп балаға – 77 951 теңге (бұрын – 74 388 теңге).Асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы
    • бір бала үшін – 28 095 теңге (бұрын – 26 818 теңге);
    • екі бала үшін – 48 676 теңге (бұрын 46 463 теңге);
    • үш бала үшін – 60 436 теңге (бұрын – 57 689 теңге);
    • төрт бала үшін – 64 030 теңге (бұрын – 61 119 теңге);
    • бес бала үшін – 66 317 теңге (бұрын – 63 302 теңге);
    • алты бала және одан көп болса – 68 930 теңге (бұрын – 65 797 теңге).
42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемМемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алуға декреттегі аналарға да мүмкіндік берілді. Бірақ бұл төлемді 1 жастан асқан балаларының күтімімен үйде отырған және табысынан айырылған аналарға ғана төлеу қарастырылған.
«Егер бала 1 жасқа толмаған болса, әйел жұмыс істеген-істемегеніне қарамастан мемлекеттен бала күтіміне қажетті жәрдемақы алады. Бала 1 жасқа толса, 42 500 теңге төлем туралы әңгіме қозғауға болады. Онда да декреттік демалыс барысында мысалға үйде отырып киім тіксе, тамақ пісіріп сатса және тағы басқа бейресми жұмыспен айналысса, төлем алуға құқылы. Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы өзін жұмыспен қамтушы ретінде тіркеп, әлеуметтік төлемге өтінім жіберуге құқылы», – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Әлеуметтік төлемді алу үшін өтінімді Е-gov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және Telegram-бот арқылы беруге болады. Алайда, ескерер жайт, мемлекеттік қызметтен декреттік демалысқа шыққан аналар 42 500 теңге төлемге өтінім бере алмайды.