«Құны миллиард теңге!»: Ресейлік басылым «Дариға Назарбаеваға тиесілі» деп тағы бір қымбат пәтердің құжатын жариялады

1522
Мәскеуден табылып отырған бұл пәтердің құны 230 млн рубль яғни 1 млрд 300 млн теңгені құраған.
Ресейлік аты шулы The Insider басылымы ҚР парламенттің экс-спикері және Қазақстан тұңғыш президентінің қызы Дариға Назарбаеваның тағы бір элиталық пәтерін тапқанын жазды. Мәскеуден табылып отырған бұл пәтердің құны 230 млн рубль (1 млрд 300 млн тг немесе 3,3 млн АҚШ доллары), деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталмыш басылымның жазуынша, Мәскеудің қымбат райондарының бірінде орналасқан бұл пәтер 2006 жылы сатып алынған және 2012 жылы «Файерс Трейдер ЛТД» компаниясына қайта тіркеуден өткен. 2015 жылы қайта өз атына жазылыпты.
Портал сонымен қатар, Дариға Назарбаеваның офшорлық есеп-шоты барын, Лондонда бірнеше жылжымайтын мүлікке иелік ететінін, оның бірі Шерлок Холмс музей-пәтері екенін сонымен қатар Мәскеуде бұдан өзге де жылжымайтын мүліктері бар екенін атап өткен.