«Әйел еш себепсіз, жай еркектің еркелігі үшін ғана жаратылды» — Шымкенттік шенеунік

1338
Facebook қолданушылары Шымкенттегі жастар одағының басшысы Данияр Аланның әйелдер туралы жазбасына қатысты наразылығын білдіруде.
Осы ұйым қысқа  белдемше киген қыз туралы қоғамда шу тудырған роликті түсірген еді. Алайда Алан осыдан үш жыл бұрын Telegram желісіндегі парақшасында гендердік мәселеге қатысты пікірін білдірген екен.
«Құдай алдымен еркекті жаратады. Еркектің іші пысып кеткен соң құдай еркекке серік етіп әйелді жаратады. Егер, құдай кез-келген нәрсені бір себеппен жаратады деп есептесек, еркектің мына дүниеде бір миссиясы болып тұрғаны. Еркектің мына өмірде жаратылуына бір себеп бар деген сөз. Ал әйел еш себепсіз, жәй еркектің еркелігі үшін ғана жаратылды. Олардың дым миссиясы жоқ. Ал, бала табу деген миссияны кейін, өздері ойлап тауып алған секілді. Гыы, оның үстіне қисық қабырғадан жаратылды.
Осы деймін да, айтыңдаршы, дым миссиясыз оның үстіне қисық қабырғадан жаратылған әйел заты (ия, заты!) неге бізге өз құқықтарын тықпалайды гендерлік теңдігін…

Жалпы, әйелдің мына өмірде жүруінің мәні не?!

Құдайым ау, ең талантсыз жаратылыс қой. Ең аяғында тіпті тамақтың өзін жақсы ресторандарда еркек шеф поварлар дайындайды. Ал ғылым туралы тіпті сөз айтып қажеті жоқ. Егер де деймін де, мысалы, бүгін түнде әйелдер жоқ болып кетсе өмір әлдеқайда мәнді болар ма еді?! Әлгі қайғыромантиктер балкон түбінде ми ашытпас еді, маскүнем дядВова қатынын қызғанып бөтелкелес Иванды жарып тастамас еді, ең соңында мына өмірде гүлді жұлуға қажеттілік туындамас еді. Соғыстар да азаяр ма еді?! Секс куклалар, пробиркадан шыққан балалар – мәселе шешімі. Марсты бағындырып, бүкіл еркек сол жаққа көшіп кетсек ше мысалы. Гыы. Қиял әрине. Әріптесім Н ханым осы пост үшін бүгін бірге әбед ішуден бас тартатын шығар менімен», — деп Данияр Алан өзінің «терең ойлы» пікірін білдіреді.
Бұл жазбаға пікір білдірген  қолданушылар  шымкенттік шенеуніктің сексистік пікірлерін сынға алып, наразылықтарын білдірді.
Осы мәтінді орыс тіліне аударған блогер Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтеновтан Данияр Аланды жұмыстан шығарып, алдағы уақытта мемлекеттік қызметтен аластатуды сұрайды.