ШЫМКЕНТТЕ 34 МЫҢНАН АСА БАЛАҒА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМАЛАР БЕРІЛДІ

1492
Шымкентте 34 мыңнан астам көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 115 452 кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды. Оларға биыл республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлінген, деп хабарлайды Ardak.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған көмек түрі бір мен алты жастағы балалары бар, табысы аз отбасыларға беріледі. Әлеуметтік ахуалы төмен жанұялар үшін аталған көмектің тиімділігі көп.
Азық-түлік жиынтығының түрі адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш берген кезінде және оны тағайындау кезеңінде тікелей баланың жасына байланысты анықталады.
Сонымен қатар, тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде ұсынылады. Бүгінге дейін 24 311 көп балалы немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға гигеналық құралдар берілді. Шымкентте әлеуметтік пакеттерді «Magnum Cash and Carry», «Gramad Retail», «Көктем» ЖШС-нан және «Баян сұлу» СҮ алуға болады.
Шымкент-қайырымды қала.