ШЫМКЕНТ ӘКІМІ «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

569
Шымкент қаласында үш айға созылған байрақты бәсеке — «Шымкент жастар лигасы» өз мәресіне жетті. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы ұйымдастырылған жабылу рәсіміне қала әкімі қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
— Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкенттің барлық балаларын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі қиындыққа қарамастан балаларды қуанту – баршамыздың міндетіміз. Алдағы 5 жылда қаламызда үш ауысымды мектептер толық жойылып, жаңадан 100-ге жуық білім ошақтары бой көтереді, сонымен қоса барлық балалар алаңшалары жаңартылып, заманауи спорт алаңдары бой көтерді. Талантты да өнерлі жастар түрлі үйірмелер, онлайн байқаулар мен көңілді конкурстар мен марафондар арқылы жаз мезгілін қызықты әрі думанды өткізуге қала басшылығы барынша қолайлы жағдайлар жасайтын боламыз. Балаларымыздың жетістігі – біз үшін қашан да мақтаныш! Шымкент қаласының даңқты дәстүрін жалғай беріңдер. Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін — деп тілек білдірді шаһар басшысы Мұрат Әйтенов.
Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған 140 білім ұйымынан 536 команда жасақталып, 8 569 оқушы қатысқан. Спорттық футбол, волейбол, баскетбол, сонымен бірге интеллектуалдық шахмат ойындарынан өтті. Жеңімпаз командаға 20 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық, ал фан-клубтарына велосипедтер тарту етілді.
Лиганың нәтижесінде:
ШАХМАТ
І орын №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы
ІІ орын №9 мектеп-лицейі
ІІІ орын №23 З.Космодемьянская атынындағы мектеп-лицейі
БАСКЕТБОЛ
І орын №8 М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясы
ІІ орын №9 Ө.А.Жолдасбеков атындағы ІТ лицей мектебі
ІІІ орын №28 жалпы орта мектеп
ВОЛЕЙБОЛ
І орын № 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы
ІІ орын №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі
ІІІ орын №50 А.Байтурсынов атындағы мектеп-гимназиясы
ФАН-КЛУБ
Бас жүлде № 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- гимназиясы
І орын № 120 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі
ІІ орын №99 мектеп гимназиясы
ІІІ орын № 84 Циолковский атындағы жалпы орта мектеп
ФУТБОЛ
І орын № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі
ІІ орын №58 жалпы орта білім беру мектебі
ІІІ орын №3 Улықбек атындағы жалпы орта мектебі.