Алаш өкілдерінің Жапониямен байланысы болғанын растайтын құнды құжат табылды

1033

Жапония архивінен бұл деректі растайтын құнды құжат табылды, деп хабарлайды «Хабар-24».

Оны Орталық Азия тарихын зерттеуші жапондық ғалым Томохико Уяма тапқан. Бұл туралы Алаш Республикасының 105 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда белгілі болды. Алаштанушы ғалымдардың айтуынша, 1918-1919 жылдары Алаш Орда қайраткерлері Жапон еліне әлеуметтік көмек сұрап хат жазған. Онда дәрі-дәрмек пен қару-жарақ қажеттігін айтыпты. Міне, бұл  қайраткерлеріміздің халықаралық деңгейде мойындалуын дәлелдейтін құжаттардың бірі, дейді ғалымдар.

— Жапон мемлекетіне жазған құжатта да Алаш жеке мемлекет болуға ұмтылған құрылым ретінде айтады. Сұраған кезде көбінесе дәрі-дәрмек пен қару-жарақ сұраған екен. Мемлекетті құру оны қорғау ар жағында Алаштың әскері тұр. Қауіпсіздік мәселесі тұр және Алаштың елінің саулығы тұр. Осыны Жапон үкіметі қараған осы мәселені, — дейді алаштанушы Дихан Қамзабекұлы.