Димаш Құдайберген мен Рухия Байдүкенованы не байланыстырады?

8561

Қазақстандық жас әнші, «Славян базары» халықаралық байқауының Гран-при иегері Рухия Байдүкен жеңістен кейінгі өз әсерімен бөлісті.

Рухия Байдүкенова әнші Димаш Құдайбергеннің қолдау көрсеткенін атап өтті.

«Димаш Құдайберген байқауға дейін өз кеңестерін беріп, қолдау көрсетті. Әсіресе вокал жағынан сүйемелдеу көрсетті. Байқау басталған соң біз сөйлеспедік, өйткені ол төреші, ал мен қатысушымын. Сондықтан біз сайыстың әділ өтуін қаладық. Мен адал адаммын, ол да адал. Сондықтан байқау басталғанда вокал жөнінде ақылдасатын болсақ, әділетсіз деп ойлаймын», – дейді ол.

Бұған дейін жерлесіміз Рухия Байдүкеннің Витебскіде өткен «Славян базары» байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. 14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Байқау нәтижесінде қазақстандық Рухия Байдүкенова Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды.