«Жылына 2 млн теңге»: Отандық жұлдыздар балаларын мектепке дайындауға қанша ақша жұмсайды

1001

Еліміздегі мектеп оқушылары мен ата-аналар жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде. Осы орайда отандық жұлдыздардың балаларын мектепке қалай дайындайтыны баршаға қызық. Қазақстандық танымал тұлғалар балаларына қанша ақша жұмсайтынын «Экспресс К» басылымы анықтап көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал әнші Сиви Махмуди үш бала тәрбиелеп отырған ана. Екі ұлы мен қызы Алматыдағы мемлекеттік мектептердің бірінде бастауыш сыныпта оқиды. Әнші балаларын жеке меншік мектепке бермеген. Оның жарының айтуынша, жеке меншік мектептерге баланы берудің қажеті жоқ.

«Орташа есеппен бір балаға 150 мың теңге жұмсаймыз. Нақты айта алмаймын, бірақ бұл сомаға мектеп формасы мен керек-жарақтар кіреді», — дейді Сиви.

«Азия» тобының солисі Ербол Шарипов босла, керісінше, балаларын жеке меншік мектепте оқытады екен. Ол бұл мақсатта тіпті қомақты қаражатын да аямайтынын айтады. Оқу орнының атын атамааған ол балаларға қанша ақша жұмсалатынын да айта алмады. Себебі, балаларды киіндіру шаруаларын ол толықтай өзінің жұбайына сеніп тапсырады.

«Шыны керек, білмейді екем. Форма мен мектеп жабдықтарын жұбайым сатып алады. Бірақ жыл өткен сайын бәрі қымбаттап жатыр деп нақты айта аламын», — дейді ол.

Мәдина Сәдуақасова өзінің ұлы Әнуардан ештеңе аямайды. Биыл жеті жастағы Мәдинаның ұлы қаладағы ең үздік жеке меншік оқу орнына барып, мектепке дайындық тобында оқыды. Биыл бірінші сыныпқа қадам басатын Әнуар әлі қай мектепке баратыны белгісіз. Бұл туралы Әнуардың өзі айтып берді.

«Алдымда күрделі таңдау тұр. Нағыз мектепке баруым керек болады. Ұят болса да, көріп отырғандарыңыздай, мен орысша сөйлеймін және орыс тілі мен үшін түсінікті. Балабақша мен дайындық мектебін қазақ тілінде бітірдім. Бірақ, шыны керек, маған қиын болды. Енді, қазақ сыныбына барам ба, орыс сыныбына барам ба, соны анықтау керек», — дейді ол.

Шоумен Роман Миронов мен Диана Шараповалар болса балаға кішкентайынан жақсы білім беруге талпынып келеді. Диананың айтуынша, оның ұлы мен қызы физика-математика мектебінде білім алуда. Бұл оқу орнына жұлдызды жұп әр балаға жылына 1 920 000 теңге төлейді.

«Мектеп таңдау ісіне толық жауапкершілікпен қараймыз. Себебі, бұл бала уақытының көп бөлігі өтетін орын. Біз балаға білім беруде өзгеше тәсілдерді ұсынатын мектепті таңдадық. Мұнда балалар өздерін жайлы сезінеді, білім беру процесі дамуына қарай ұштастырылады. Бала бұл жерде сағат сегізден кешкі беске дейін болады. Бұл сомаға үш уақыт тамағы мен үйірмелері кіреді. Қосымша тек қана киімі мен жабдықтарға жұмсаймыз. Бірақ оған көп ақша кетпейді», — дейді Шарапова.