Сәнді эко-сөмкелер шеберіне айналған жас кәсіпкер

1012

Қазіргі трендтегі өте ыңғайлы әрі сәнді эко-сөмкелер тігіп, өз кәсібін ашқан жастардың бірі —  кәсіпкер Жаңабаева Айгерім.

Жас кәсіпкер Айгеріммен сұхбат алудың жолы түсіп, жастар арасындағы сұранысқа ие өнім жөнінде кеңінен мағлұмат алдық.

«Менің аты-жөнім Жаңабаева Айгерім. 20 жастағы жас кәсіпкермін. Эко-сөмке жасау кәсібімен айналысамын. Бұл істі 1 жылдан бері қолға алып келемін. Қазіргі күнде тауарларымызға деген сұраныс артуда. Барлық заттар қолдан, экологиялық таза өнімдерден жасалады. Жастар арасында бұл өнімге деген сұраныс көп. Мақта маталарына арналған арнайы бояуды пайдаланамыз, сөмкені жуған кезде бояу түсі оңып, өзгеріп кетпейді. Сонымен бірге, қалада балалар арасында шеберлік сағаттарын өткіземіз. Шеберлік сабақтарына 5 жастан бастап балалар қатысады, бірге суреттер саламыз, экосөмкенің қолданылуын, пайдалы тұстарын кеңінен түсіндіреміз».