«АТА-АНАНЫ ҚАДІРЛЕУ — ӘРБІР ЖАСТЫҢ ПАРЫЗЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

738

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің «Кекушинкай каратэ» федерациясымен бірлесе отырып «Ата-ананы қадірлеу — әрбір жастың парызы» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты жастарды ата-анаға құрмет көрсетіп, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Сонымен қатар түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай, салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу болып табылады.