13 млрд жымқырған: «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы басшысы ұсталды

1162

13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Басқарушы директоры ұсталды деп хабарлады turkystan.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.