Қазақстандық қыз «ТМД аруы-2022» атанды

1446
17 маусымда Ереванда өткен «ТМД аруы-2022» байқауында Қазақстаннан қатысқан Диана Перханова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sputnik Армения.
Конкурс Мисс СНГ в Ереване - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2022
Ереванда өткен «ТМД аруы» байқауы
Екінші орын Грузиядан барған Эмми Мхитарянға бұйырды. Эстон аруы Карина Низинкая үшінші орын алды.
«Жылы қарсы алғаны үшін Арменияға алғысымды айтамын. Елмен, халықтың салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстым. Басыма тәж киемін деп күтпеп едім», — деді журналистерге Диана Перханова.
Победительница конкурса Мисс СНГ-2022 Диана Перханова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2022
Байқау жеңімпазы Диана Перханова
«ТМД аруы» байқауы Арменияда осымен екінші рет өтті. Оған өз елдерінде іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен 23 қыз қатысты.
Армения астанасына ТМД елдері (Әзербайжанды қоспағанда), сонымен қатар Грузия, Литва, Латвия, Эстония және Куба арулары келді. Жеңімпазды 13 елдің өкілдерінен құралған қазылар алқасы таңдады.
Айта кетері, Арменияда 2017 жылғы «ТМД аруы» байқауында «Гран-приді» Шушан Ерицян алған еді.Қазақстандық қыз «ТМД аруы-2022» атанды.