ЖОЛДАУ САЯСИ ЖҮЙЕГЕ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУДІ КӨЗДЕЙДІ

394

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы еліміздегі саяси жүйеге елеулі өзгерістер енгізуді көздейді. Жолдауда бүгінгідей геосаяси тұрғыдағы күрделі де қиын кезеңдегі батыл да маңызы зор бастамалар айтылды. Парламенттің өкілеттігін арттыру, Президентті, облыс әкімдерін, саяси қызметкерлерді қосымша саяси-қоғамдық, партиялық басқару міндеттерінен босату, экономиканы дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін көтеру сынды маңызды мәселелер бұрын да қоғамда жиі талқыланатын. Енді міне олар бойынша да нақты тапсырмалар беріліп отыр.

Бүгінгі Жолдауда айтылған тағы бір маңызды дүниенің бірі – жаңа облыстардың құрылуы. Президент мұның тарихи тұрғыда жақсы нәтиже бергенін айтып та өтті. Жаңа облыстардың құрылуы елдің дамуы мен қоғамның кемелдене түсуіне сеп болады. Мұны Шымкент пен Түркістанның тарихы дәлелдей түседі деген ойдамын. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы елдің даму деңгейін жаңа сатыға көтеретіні анық. Облыс атын алған өңірлердегі инфрақұрылым жақсарып, әлеуметтік мәселелер тез арада шешімін табатыны сөзсіз. Ал Қапшағай қаласына Д.Қонаевтың есімін беру ел тарихындағы ерен еңбегі бар қайраткерді құрметтеудің озық үлгісі болумен қатар, жұрттың еңсесін көтеретін бастама боларына сенімдімін!

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен құрылатын Ұлттық құрылтай осы олқылықтың орнын толтырып, әр саланың білгір мамандарының, сарапшылардың жарыққа шығып, олардың орамды ойлары мен орынды ұсыныстары тыңдалатын орынға айналады деп үміттенемін.

Мемлекет басшысы «Азаматтардың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» деп кесіп айтты. AMANAT партиясының мүшесі, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты ретінде президентіміз ұсынған барша бастамаларды қолдап, елдің дамуы мен әлеуметтің әлеуетін көтеру бағытында барымды салатынымды жеткізгім келеді. Өзгерісті өзге емес, өзімізден бастауымыз қажет!

Талғат Балтабаев, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.