Журналист Сергей Пономарев Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың Қазақстан жайлы мәлімдемесіне жауап берді. Журналист Екінші жүниежүзілік соғыс кезінде қазақстардың 500 мыңға жуық шешен азаматын құтқарып қалғанын айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сергей Пономарев 1944 жылдың ақпанында Кеңес үкіметінің Гитлердің жағына өтіп кетуі мүмкін деген күдікпен 500 мыңға жуық шешенді Қазақстанға жер аударып жібергенін айтты.
«Мен вайнахтарды ұмытшақ деп ойламадым. 1944 жылдың ақпанында шешендерді жылы киімсіз, азық-түліксіз Қазақстанға жіберген. Бұл тұтас халықты ең үлкен жер аудару болды. Адамдарға жиналуға, азық-түлік алуға мүмкіндік берместен, қақаған аязда қазақ даласына алып келді», – деп жазды ол өз Facebook парақшасында.
Журналист адамдарды жер аударуға бағытталған «Жасымық» операциясының 23 ақпан мен 9 наурыз аралығында өткенін мәлімдеді.
«1990-жылдардың басында шешенді депортациялау кезінде мен Грозныйда болдым. Үйіне оралғандар көздеріне жас алып, қазақтарға алғыстарын жеткізді. Қазақстар аязда далада өліп қалуға жол бермеді, өздері аш отырса да, нандарын бөліп, шешен балаларын өз қоныстарына кіргізді. Шешенстанның бірінші президенті Джохар Дудаев өз сұхбатында Қазақстанның шешендер үшін екінші Отан екенін шын пейілімен айтқан», – деп қосты ол.
Сергей Пономаревтің айтуынша, Қазақстанда Джохар Дудаевтың әкесі жерленген.
«Рамзан Ахматұлының есіне түсіріп жіберіңдерші, мүмкін сол кезде ол ұялатын шығар», – деп түйіндеді журналист.
Айта кетейік, бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерге бейне үндеу жасап, оларды Украинадағы оқиғаларға қатысты нақты ұстанымдарын білдіруге шақырған еді. Өз мәлімдемесінде Қадыров “Ресей Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап қалуға көмектесті” деп мәлімдеген.