АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

990

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ана мен бала денсаулығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды ardak.kz. Аталған іс-шараның мақсаты — арнайы сала мамандарының қатысуымен күйзеліске түскен аналармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық, әлеуметтік, медициналық көмектер көрсету. Іс-шара барысында сала мамандары TOO «QAMQOR» қалалық емханасының СОЖ дәрігері Назым Сайлау және социолог Аяна Тултаева «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқорлығындағы жас аналары мен балаларына медициналық және әлеуметтік көмек көрсетті. Дәрігерлер ана мен баланың денсаулықтарын тексеріп тиісті емдік дәрілер тізімін жазып берді.

Сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсету жолдарына бағыт-бағдар көрсетті. Сонымен қоса, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша Stop Bullying» тақырыбында ерікті жастарға семинар-тренинг өтті. Аталған тренингтің мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту, күйзелістік жағдайлардың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Тренинг барысында жастарға кибербуллинг туралы толыққанды айтылып, одан аулақ болуға шақырды.

Айта кетейік, кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады.