Бүгін мәжіліс депутаттары тиісті құжаттарды ратификациялауды мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл келісімде кедендік Еуразиялық экономикалық одақ арқылы қолма-қол ақша қаражатын немесе ақша құралдарын өткізу кезінде өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі айқындалған. Яғни, одаққа мүше елдерден шекара асқан азаматтың қаражат аударымдары жайлы толық ақпаратты алу мүмкіндігі туындап отыр.
— Әр азамат одаққа мүше елдердің шекарасына өткен кезде декларция толтырып, кеден органдарына тапсырады. Егер бір сұрақтар туындап, өзге елден қосымша ақпарат алу қажет болса, сұрау тастауға болады. Мысалы, бізе Армениядан ақпарат керек болса, біз сол елге ресми түрде хат жазамыз. Егер олардың базасында тиісті мәлімет табылса, онда 30 күннің ішінде оны бізге жібереді. Келісімде осындай тәртіп бекітілген, -деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.