Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде Дикий Арманның әрекетін ҰҚК кураторы үйлестіргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сонымен қатар, ол қаңтар оқиғасына дайындық 2021 жылы жыл бойы жүргізілгенін мәлімдеді.
«2021 жыл бойы радикалды шараларды қолдану үшін құқық бұзушылар жасырын түрде дайындық жүргізген. Қылмыскерлердің арасында ұйымдасқан қылмыстық топтар да бар. Олар адам жинап, қаруланып, рация мен көлік сатып алған. Тергеу барысында жекелеген қауіпсіздік күштері бұл жұмысқа жетекшілік еткені анықталды, — деп мәлімдеді Бас прокурор.
Берік Асыловтың айтуынша, Алматыда Арман Жұмагелдиевке («Дикий» Арман – авт.) ерекше рөл берілгенін атап өтті.
Оның ҰҚК-ның кураторының үйлестіруі бойынша әрекет еткені анықталды.
«Оған тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықты бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптарын қою үшін «халық кеңесін» құруға тиісті болды. Бұл ретте оған Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты белсенді түрде көмектесті. Сондай-ақ, қарақшыларды қаруландырған қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген. Алайда, олар жаппай наразылық акциясын жүргізе алмағандықтан, халық олардың соңынан ерген жоқ», — деп айтты Берік Асылов.
Оның айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасының ұсталғаны туралы ақпарат алған соң, сенімді «алиби» жасау мақсатында, мародерлермен күресті желеу етіп, содырларға қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылған.
Сол үшін 6 қаңтарда олар қаланың әр жерінен 24 кездейсоқ адамды ұрлап кеткен, сосын «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің автотұрағында оларды ұрып-соғып, ұстап отырған.
Кейін оларды қаланың шетіне апарып, ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерде түнеткен. Сосын оларды әуежайға жеткізген, сол жерде Өтепбаев азаптаудан қайтыс болған.
«Осы фактілер бойынша тергеуді аяқтадық. Қазір құжаттармен танысып жатырмыз», — деді Асылов Мәжілістің отырысында.