Жеңіліп көрмеген америкалық боксшылар жұдырықтасуға келісті

2867

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген америкалық боксшылар Теренс Кроуфорд (39-0, 30 КО) пен Эррол Спенс (28-0, 22 КО) жартылай орта салмақта жекпе-жекке шығуға келісті. Бокс кеші 29 шілде күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді, — деп жазды инсайдер Майк Коппинджер.

Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс арасындағы шаршы алаңдағы шайқасты спортсүйер қауым көптен бері күткен еді. Бұған дейін бірнеше рет келіскенмен, жекпе-жек ұйымдастырылмай қалған. Бұл жолы бокс кешінің өтуіне еш кедергі болмайды деп күтілуде.

Кроуфорд – жартылай орта салмақта WBO белбеуінің иегері, ал Спенс болса бұл салмақта IBF, WBC және WBA атақтарына ие. Жеңгені абсолютті чемпион атанады.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 2015 жылғы Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесуден кейінгі бокстағы маңызды жаңалық болмақ.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы «Чемпионға арналған пәтер» тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай