«Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеу арқылы 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.
Айыпталушы сотқа тартылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.