Еліміздің хоккейден жастар құрамасы Данияны ойсырата жеңді

861
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі екінші кездесуінде Дания құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Осылайша отандастарымыз топ-дивизиондағы өзінің орынын сақтап қалды.
Екі күн бұрын біздің спортшылар даниялықтарды 4:3 есебімен тізе бүктірген болатын.
Дания (U-20) – Қазақстан (U-20) 0:4 (0:2, 0:0, 0:2)
0:1 Саян Данияр (Гатиятов) 00:35
0:2 Мукуцкий (Жорабек, Шинкарецкий) 04:47
0:3 Гатиятов (Муратов, Орехов) 58:27
0:4 Гатиятов (Муратов, Самат Данияр) 59:05
Қақпашылар: Еремеев — Сегаард (Рорт, 04:47 — 60:00)
Дереккөз:prosports.kz