БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

5

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабында Қаратау ауданына қарасты №6 өрт сөндіру бөлімінде төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер арасында патриоттық сана мен құқықтық мәдениетті арттыру.
Жиынға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдаулет Аманкелді, Қаратау ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас инспекторы Шайра Расулходжаева қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау, қазақстандық патриотизмді дәріптеу, азаматтардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, этнос өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты тереңдету, қоғамда бейбіт өмір мен тұрақтылықты сақтау жайында кеңінен әңгіме өрбіді.
Спикерлер, әсіресе, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін жоғары бағалады. Сонымен бірге, ел бірлігін сақтау жолында әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.
Мұндай іс-шаралар – қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, төтенше жағдай саласы қызметкерлерінің рухани құндылықтарын қалыптастыруға, ұлттық бірлік идеяларын санаға сіңіруге септігін тигізеді. Кездесу соңында қатысушылар алдағы уақытта осындай форматтағы кездесулерді жиі өткізу қажеттігін атап өтті.
Қоғам дамуының басты негізі – бірлік, татулық және өзара сыйластық. Бұл қағидалар тек мемлекеттік құрылымдарда ғана емес, жалпы халықтың санасында берік орнығуы қажет. Сондықтан да, әрбір азаматтың бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосар үлесі – ел болашағы үшін аса маңызды.
Осындай кездесулер арқылы қызметкерлер тек кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен қатар рухани және әлеуметтік бағытта да қолдау табады. Бұл – қоғамдағы үйлесімділікті сақтау мен ішкі тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды қадам.
Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар қала аумағындағы басқа да мемлекеттік мекемелер мен ұжымдарда өткізілмек. Бұл бастама ұлт бірлігін нығайтып, мемлекеттік қызметкерлер арасында жауапкершілік пен ортақ құндылықтарға деген көзқарасты тереңдетуге ықпал етеді.