Роза Рымбаеваның баласы елмен амандаспайды

1109
Қазақстан Халық әртісінің ұлы сыпайылықпен ерекшеленбейтіні және кейде адамдармен амандаспайтыны белгілі болды. Көп адам Әли Оқаповты жұлдыз ауруымен ауырады деп санайды. Алайда, бәрі жұрт ойлағандай емес болып шықты.
Әли Оқапов — шығармашылығы мен тыңдаушыларына берілген адам. Әртіс өз ісіне беріліп кететіні сонша, кейде айналасындағы адамдарға мән бермей қалады. Әнші әріптестері оған түсіністікпен қарап, қатаң сөкпейді деп үміттенеді.
«Ода тұрған ештеңе жоқ. Иә, кейде тіпті таныс адамдармен амандаспай өте шығуым мүмкін. Бір жаққа асығып бара жатасың немесе көңіл-күйің болмайды. Немесе қалың ойға шомып кетіп, ең жақын адамдарды байқамай амандаспай қаласың. Біріншіден, біз әртіс болғандықтан бір-бірімізбен сөйлесіп, сәлемдесу үшін жиналмаймыз. Жұмыс пен шығармашылық бірінші орында тұруы тиіс. Біздің басты мақсатымыз — көрермен алдында лайықты өнер көрсету», — деді Әли Оқапов «НТК» телеарнасына берген сұхбатында.

Анар Мұстафина