Хабиб Нурмагомедов өзіне салынған айыппұлды толықтай төледі

998
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінен кейін салған айыппұлын толықтай төледі.
Ресейлік спортшы өзіне салынған 200 мың доллар (қорғаушы қызметі үшін) және NSAC UFC 229 турнирінде жанжалды ушықтырған ресейлік Абубакар Нурмагомедов пен Зубайра Тухуговке де салынған 50 мың долларлық айыппұлды да толықтай төлеген.
Егер Хабиб бұзақылыққа қарсы әлеуметтік бағдарламаларға қатысатын болса жаза мерзімі 3 айға қысқаратын еді. Бірақ оған спортшы көнген жоқ.
Ирландиялық Конор МакГрегор да жазадан жалтарып кеткен жоқ. Ол да жарты жыл көлемінде жарыстарға қатыспайды. Сондай-ақ 50 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейді.
Айта кетейік, UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегі соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласқан еді. Ресейлік спортшы ирландиялық спортшының спарринг қарсыласы Диллон Дэниске жұдырық ала жүгірсе, UFC қатысушыларының бірі, Хабибтің досы Зубаира Тухугов октагонда Конормен шайқаса кеткен-ді. Тәртіп сақшылары жағдайды реттеп, екі спортшыны октагоннан әрең алып шыққан болатын. Сондай-ақ, Хабибке чемпиондық белбеулер табысталмаған еді.