«Таксистер де тапқан ақшасына есеп береді» Табыс декларациясы туралы не білу керек?

1509
Мамандар қазақстандықтарға қазірден бастап өзінің жекеменшігіне қатысты мәліметтерді жинастыра беру керектігін айтады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір қазақстандық табыс декларациясын өткізуі тиіс. Декларация келесі жылдың 15 шілдесіне дейін қағаз түрінде, ал 15 қыркүйекке дейін электронды түрде қабылданады. Ал декларацияны дер уақытында өткізіп үлгермесе, ондай адамға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (75 750 теңге) айыппұл салынады.
Табыс декларациясын қалай толтыру керек? Ол арада нені көрсетіп, нені көрсетпеген жөн? Мүлікті жасырып қалса не болады? Қазақстандықтарды мазалаған бұл сауалдарға республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығының директоры Дмитрий Казанцев жауап берді.
Оны айтуынша, табыс декларациясын толтырға кезде мүлкін жасырған адам қатты ұтылады.
«Біреулер өзінің мүлкін жасырып қалғысы келуі мүмкін. Бұл дұрыс емес. Керісінше, мұндайда ұтыласыз. Мәселен, енді жыл сайын сіз қаржылық жағдайыңыз бойынша міндетті түрде есеп бересіз, оның қайдан шыққанын дәлелдеп беруіңіз керек болады. Дәлелдей алмасаңыз, айыппұл, оған қоса салық төлейтін боласыз. Айыппұл көлемі 30 АЕК болса, салық сол соманың 10 пайызын құрайды», — дейді ол.
Қазір, яғни бастапқыда тіркелген дүниелеріңізге ешкім дәлел талап етпейді, дейді ол. Сондықтан бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, басыңызда бар мүлік пен ақшаны, тіпті малды да заңдастырып алған абзал.
Дереккөз:sputnik.kz