Түркістанның орталық ауруханасы заманауи техникамен жабдықталды

1133
Түркістанның орталық ауруханасы жөндеу жұмыстарынан кейін толық жаңартылып, заманауи техникамен жабдықталды. Бүгін емдеу мекемесінде «Инсульт орталығы» және «Триаж жүйесімен» жабдықталған жаңа қабылдау бөлімі ашылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Аурухана жұмысымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев пен өңірдің  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев арнайы келіп танысты.
null
Орнатылған электрондық құрал арқылы ауруханаға келген науқастар өздерінің жату кезегін, лабораторияға, рентген кабинетке, ультрадыбыстық зерттеуге (УЗИ) тексерілуге қашан кіре алатынын біле алады.  Ақпараттық дүңгіршек арқылы науқастардың туыстары жоспарлы түрде және жедел түрде өздері немесе жедел жәрдем бригадасымен келген науқастардың қай бөлімшеде қашан жатқанын білуге мүмкіндік бар. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір науқастың жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер арнайы түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының бір түсімен белгіленеді. Жедел жәрдем бригадасы алып келе жатқан науқас туралы толық ақпарат аурухананың қабылдау бөлімінде көрініп тұрады. Аурухананың қабылдау бөліміндегі «SOS» батырмасын басу арқылы дәрігерлерді және зертхана маманын шұғыл көмекке шақыруға болады.
null
Медицина саласының қызметкерлері Кешенді медициналық ақпараттық жүйемен жұмыс істеп, науқастардың барлық құжаттары электрондық түрде жүргізілуде.
null
null
null