Шымкенттік «сыра падишахымен» байланысқан бұрынғы полиция бастығына сот үкімі шықты

854
Оның кәселетке толмаған 4 баласы бар екені есепке алынып, ең минималды жаза кесілген. 
Бұрынғы ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) ІІД криминалды полицияның бастығына шымкенттік экс-олигарх, «сыра падишахы», бүгінде түрмеде жазасын өтеп жатқан Тоқтар Төлешовпен байланысқаны үшін сотты болып, оған үкім шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотында криминалды полицияның бұрынғы бастығы Оңдасынов К. М.-ға ҚР ҚК нің 361 бабының 4-ші бөлігі 1-ші тармағымен кінәлі деп танылды.
Жоғары шенді экс-полицейге сыбайлас жемқорлығы үшін айып тағылған. Нақты айтқанда, криминалды полиция қызметкерлері негізгі міндеттерін орындаудың орнына К.Оңдасыновтың бұйрығымен Төлешовке қауіп төндіргендерді іздеумен айналысқан. Сот К.Оңдасыновқа 1 жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сот үкімімен полиция полковнигі шенінен, мемелекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталушыға ҚР ҚК нің 361 бабының 4-ші бөлігімен айып тағылған. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
«Сотталушы К.Оңдасыновтың кәмелетке толмаған 4 баласының бар екендігі, бұрын сотты болмағандығы ескеріліп, сот ең минималды жаза тағайындады,» — деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.