42 500 теңге төлемақы алу үшін карточкалық шоттарды пайдалануға болады

982
Азаматтардың әлеуметтік төлемақы алулары үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі карточкалық шоттарды көрсетуді ұсынады.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай кезеңінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында екінші деңгейдегі банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрі – банктер) төтенше жағдай режимі енгізілуге байланысты кірістерінен айырылған азаматтарға 42 500 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек есептеуге және олардың алуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол үшін екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік төлемақылардың клиенттердің банктік шоттарына есепке жазылуын барынша қамтамасыз етулері тиіс. Әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс клиенттердің банктік шоттарына тыйым салу немесе басқа шектеулер салу фактілері анықталған жағдайда тыйым салуға және 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлеақыны өндіріп алуға жол бермеу шаралары қабылдансын.
Төтенше жағдай және карантин кезеңінде азаматтардың әлеуметтік төлемақы алулары үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі карточкалық шоттарды көрсетуді ұсынады.