1 млн-нан астам қазақстандық SMS арқылы әлеуметтік төлем алады – А.Жұмағалиев

777
Тиісті соманы алу үшін SMS-ке банк шотының нөмірін жазу арқылы жауап беру жеткілікті.
1 млн-нан астам қазақстандық SMS арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алады, деп мәлімдеді ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, деп хабарлайды zakon.kz.
Олардың қатарында:
1,2,3 топтағы мүгедектер;
Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
Фрилансерлер;
Карантин аймағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер;
Жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған жұмыссыздар.
Бүгінде 60 мың адамға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны автоматты түрде аудару туралы SMS жіберілген.
Тиісті соманы алу үшін SMS-ке банк шотының нөмірін жазу арқылы жауап беру жеткілікті.