Ғалымдар вирус жұқтырған адам дүкенге кіргенде CoViD-19 қалай таралатынын көрсетті (видео)

1218
Аалто, Хельсинк университеті ғалымдары, Финляндияның техникалық зерттеу орталығының (VTT) және Фин Метеорологиялық институтының ғалымдары жөтелу, түшкіру және тіпті сөйлесу кезінде тыныс алу жолдары арқылы ұсақ аэрозоль бөлшектері қалай әрекет ететінін зерттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бөлшектер коронавирус сияқты қоздырғыштарды тасымалдай алады. Зерттеу нәтижесі негізінде ғалымдар CoViD-19-дың таралуының компьютерлік моделін жасады. Бейнежазбада вирусы бар адам супермаркетте жөтелген / түшкіргеннен кейін, мөлшері 20 микро метр болатын кішігірім бөлшектер бұлт тәрізді жайылып кеткенін көруге болады.
Алайда, бөлшектер бірден еденге қонбайды: бөліктер ауа ағынымен едәуір қашықтыққа дейін жетеді. Ал қалғаны сол орнында қалады.
Сондай-ақ, алдын ала нәтижелерге сәйкес, вирусты тасымалдаған аэрозоль бөлшектері ауада ұзақ сақталатыны анықталды. Сондықтан, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу керек, деп жазды Aalto университетінің сайты.
«Коронавирусты жұқтырған адам жөтеліп кетіп қалуы мүмкін, бірақ ол өзінен кейін коронавирус тасымалдайтын өте ұсақ аэрозольді бөлшектерді қалдырады. Содан кейін бұл бөлшектер жақын маңдағы адамдардың тыныс алу жолдарына ене алады», — дейді ғалым Виль Вуоринен.