Аудан көлемінде тіркеу есебінде тұрған жеке кәсіпкерлер, оның ішінде оңайлатылған салық режимінде жұмыс жасайтындар, сонымен қатар жер телімдері бар заңды тұлғалар салық есептіліктерін нольдік бағаммен табыс етіп, салық төлеуден жалтарып отырғандары анықталып отыр.
Атап айтқанда “O” деп табыс еткен салық төлеушілерге жүргізілген камералдық бақылау жұмыстары және жеке-жеке жүргізілген түсіндіру жұмыстары барысында , жоғарыда ноль деп табыс еткен салық төлеушілердің көпшілігі кәсіпкерлік мақсатта несие алғандары, субсидия алғандары және жер телімдерін игере отырып статицика басқармасына қозғалыс көрсетіп отырғандары анықталып отыр.
Кірістер басқармасы тарапынан уәкілетті органдардан алынған нақты мәліметтерге сәйкес ноль деп табыс еткендерге қол мен хабарлама түзу режимінде хабарлама түзіліп , орындалу үстінде , алайда кәсіпкерлік мақсатта несие алған , салық есептілігін ноль деп табыс еткендер қиындық тудыруда.
Несие алған салық төлеушілер өз тарапынан , несие алған банкіге кестеге сәйкес табыс тауып , несиелерін уақытылы төлеуде, алайда салық органдарына табыс жоқ деп, есептілікті “O” деп табыс етіп, салықтан жалтаруға жол беріп отыр.
Осыған орай, барлық жеке кәсіпкерлерді, заңды тұлғаларды және шаруа-қожалықтарды Мемлекет алдында туындаған тиісті салықтарды шынайы көрсетіп,жалдамалы жұмысшыларды және салықтарды уақытылы төлеуге шақырамыз және салық есептіліктерін “О” деп табыс етпей, заң аясында жұмыс жасауды ескертеміз.
Жеке кәсіпкер жұмыс жүргізбесе, ешқандайда қозғалыстар жасамаса, салық кодексіне сәйкес уақытша тоқтатып қою қарастырылған, уақытша тоқтатылған аралықта салық есептіліктері табыс етілмейді және ешқандай салық міндеттемесі туындамайды.
Жеке кәсіпкер уақытша өз кәсіпкерлігін тоқтатуға немесе мүлдем жұмыс жасамайтын болса, жеке кәсіпкерлікті жауып тастауға тиіс.
Құрметті салық төлеушілер салық есептілігін ноль табыс етіп, салықтан жалтаруға жол бермеңіздер, кірістер басқармасы өз тарапынан ноль деп табыс еткен әрбір салық төлеушілермен жеке-жеке жұмыс жасап, тиісті салықтарды заң шеңберінде өсіппұлмен қоса бюджетке өндіріліп алынатындығын жеткізеді.
Қазығұрт аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.