Арысты қалпына келтіру үшін қанша қаржы керек екені белгілі болды

911
ІІМ ТЖК басшысы Владимир Беккер Арыстағы жарылыстардан кейінгі алдын ала шығын көрсеткішін жария етті. Төтенше жағдай орын алған қаланы қалпына келтіру үшін 20 млрд теңге қажет. Нақты сома 15 шілде күніне қарай хабарланбақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қазіргі таңда Арыста бағалау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Олар материалды шығынды есептеп, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануын тексеруде.
Қалада шамамен сегіз мыңға жуық объект зардап шекті. Олардың ішінде 70 тұрғын үй толығымен қтрап қалды.
«Арысты қалпына келтіру үшін шамамен 20 млрд теңге қажет. Бұл тек алдын ала сома. Ол алдағы уақытта өзгеріп кетуі мүмкін.
15 шілдеге қарай нақты сома айтылатын болады. Себебі, бағалау қызметкерлері әлі жұмыс істеп жатыр. Жұмыс деген бастан асады. Зрдап шеккен үйлерге қатысты айтатын болсам, зақымданған немесе толығымен қирап қалған үйлердің барлығы қалпына келтіріледі» , — деп мәлімдеді Беккер.
Арыста құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Беккердің сөзінше, қазіргі таңда Арысты 17 секторға бөліп тастады. Әрбірінде 400-500 үйден болмақ. Әрбір секторға Қазақстанның облысы немесе республикалық маңызы бар қала тіркелген.
«Бүгін барлық өңірдің өкілдері Арыста жүр. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын іске асыратын 17 штаб құрылды.
Құрылыс десанттары үшін шатыр лагерьлері ұйымдастырылды. Тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталып, құрылыс материалдары әкеліне бастады. Зақымданған ғимараттардың шығынын анықтайтын мамандар да өз жұмысына кірісіп кетті» , — деді Беккер.