Қазаққа Порошенконың жеңгені қолайлы – саясаттанушы

1247
Тимошенко мен Зеленский Ресеймен ымыраласайық дегенді ұсынып жүр.
«Украинадағы Президент сайлауына түскен Президент Порошенко тағы да жеңсе деймін», деген пікірімен бөлісті саясаттанушы Әзімбай Ғали әлеуметтік желіде.
Оның ойынша, Украинаны тек Порошенко ғана Ресейдің Шығыс өлкелерге агрессиясынан қорғай алады, Порошенко ғана Украинаның аннексияланған Қырымын қайтара алады.
«Украинаға қазақ атынан рахметім тағы бар! Украина 2014 жылдан бері Ресейдің гибридтік шабуылымен соғысып келеді, Қырымнан айырылса да, Ресейге АҚШ пен Европалық Одақ санкцияларын салдырып, Ресей экономикасы мен тұрмысын стагнацияға салды.
Украинаданағы Президент сайлауына түскен Президент Порошенко тағы да жеңсе деймін. Бірақ оларда бірнеше ресейшіл кандидаттар бар: ол Тимошенко мен Зеленский. Олар: Біз соғыстан шаршадық, Ресейге сұрағанын беріп (Украинаны Ресейге бағындырып, Қырымды Ресейге берейік дейді), Ресеймен ымыраласайық деп ұсынып жүр. Егер Украинада коллаборант президент сайланса, мәселенки, Тимошенко, немесе Зеленский, олар Ресейдің талаптарын орындамақ.
Олай болса, Ресей бізге ауыз салады. Біздің солтүстіктегі өлкелерге олар көз тігіп жүр.
Сондықтан бізге Порошенконың жеңгені қолайлы. Тек Порошенко Ресейге соққы беріп келеді. Ресей бес жылдан асқан Украинадағы гибридтік соғыстан және Батыс елдер экономикалық, финанстық, технологиялық санкциялардан қалжырап келеді.
Ресейдің ірі қалаларында Путинге қарсы митингтер көбейіп барады. Якутияда, Ингушетияда, Біріккен Осетияда, Татарстанда, Башқортстанда жергілікті ұлтшылдық бас көтерді. Олар өз республикаларына миграцияны тоқтатты. Олар өз еліне өздері ие болмақ. Ресейдің біраз өлкелерінде орыс жұртшылығы қалмады. Ол Шешенстан және Тува.
Бізге Қазақстанның аман есендігі керек. Тек қана Порошенконың президенттігі Ресейдің агрессивтік нөпірін тоқтата алады. Бізге тура сол керек», – дейді саясаттанушы.
Дереккөз:zakon.kz