Білім министрлігі балаларды бір күнді интернетсіз өткізуге шақырады

561
ҚР Білім және ғылым министрлігі Халықаралық интернетсіз күніне орай «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда балалардың смартфоннан немесе планшеттен алшақтауына келісім бермеуі әр ата-анаға таныс жағдай. «Тағы да 5 минут, сосын болды», «Мен жаңа ғана алдым ғой» сияқты сөздер күнделікті қалыпты құбылысқа айналды. Дүниежүзілік статистика бойынша, халықтың шамамен 50 пайызы қандай да бір әлеуметтік желіде, ал кейбіреулері тіпті бірден барлық әлеуметтік желілерге тіркелген», — делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.
Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернеттегі белсенділігін бақылау, ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 27 қаңтар — Халықаралық интернетсіз күніне орай «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясын өткізеді.
«Аталған іс-шара оқушыларды смартфоннан, компьютерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі», — деп хабарлайды министрліктен.
Акциямен республикадағы барлық 1-11 сынып оқушыларын қамту жоспарланып отыр. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары 1-4 сыныптарға арналған «Интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауын, 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE» эссе байқауын ұйымдастырады. Жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз