Ерке Есмахан Баян Алагөзованың отбасын жолда қалдырды

89
Әнші Instagram-да ең танымал қазақстандық әйелдердің арасында көш бастады.
Бүгінгі таңда Ерке Есмахан отандық шоу-бизнестегі ең танымал әншілердің бірі. Оның «Қайда?» әніне түсірілген бейнебаяны YouTube-те 100 миллион қаралым жинады. Әнші өзінің әріптестерінің арасында рекорд орнатты. Сондай-ақ Есмаханның аккаунты оқырмандардың саны жағынан бірінші орында.
Жұлдызға 4,4 млн адам жазылған. Әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «әдемі» өмірді, сән-салтанатты, саяхат, қымбат көліктер мен шетелдік шопингті көрсетеді.
Продюсер Баян Алагөзова екінші орынды иеленді. Оның әлеуметтік желідегі оқырмандары 3,9 млн астам.
Үшінші орынға Баянның туысқаны— оның жиені, жақында ғана ана атанған Аша Матай жайғасты. Оның парақшасын 3,8 млн адам бақылайды.
Ерлердің аудиториясына келер болсақ, мұнда бәрі қарапайым. Соңғы бірнеше жыл бойы оқырмандарының саны бойынша Қайрат Нұртас көш бастап тұр. Миллиондаған адамның кумирінің парақшасында 4,6 млн адам жазылған. Ол отандық шоу бизнестегі оқырмандары ең көп адам.

365info.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз