Ғалымдар жүкті әйелдерге неге көп ұйықтауға болмайтынын айтты

239
Зерттеу көрсеткендей, болашақ ананың шамадан тыс ұйықтауы шарананың шетінеп кету қаупін арттырады
АҚШ-тың Мичиган университетінің ғалымдары жүктіліктің соңғы айларында тоғыз сағат және одан да көп үзіліссіз ұйықтау өте қауіпті деп санайды. Олардың зерттеу қорытындысы Birth журналында жарияланған.
Сарапшылар жүктіліктің 28-ші аптасында және одан кейінірек түсік тастаған 150-ден астам әйел мен дені сау сәбиді дүниеге әкелген 480 ана арасында сауалнама жүргізеді.
Белгілі болғандай, сәбиінен айырылған әйелдер ұзақ уақыт үзіліссіз ұйықтап, түнде сирек оянғандарын 63%-ға жиірек айтқан екен.
Ғалымдар баланың тілі неге кеш шығатынын түсіндірді
Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, жүктіліктің соңғы айларындағы мазасыз ұйқы болашақ бала үшін қорғаныс механизмі іспетті: түн ортасында оянған ана вегетативті жүйке жүйесін іске қосып, қан қысымын арттырады.
Бұл іштегі шарананың дұрыс дамуына септігін тигізеді, өйткені ұзақ уақытқа созылатын төмен қысым оған зиянды, жетілуін тежейді.
Комада жатқан әйел бала көтеріп, аман-есен босанды
Алайда зерттеушілер ескерткендей, аяғы ауыр әйелдің өзін шаршатып, әр сағат сайын оянуына да болмайды, себебі бұл да шақалаққа зардабын тигізіп, жүрек қызметіне зиян болуы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз