Басты Қазақстан Кредиттік амнистия. Популизм бе, әлде нақты әлеуметтік көмек пе?

Кредиттік амнистия. Популизм бе, әлде нақты әлеуметтік көмек пе?

1141
Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 105 млрд теңгенің қызығын кім көрді? Тұрмысы төмен халық па, әлде оңды-солды несие бергіш банктер ме?
Биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 маусымдағы жарлығымен 500 мыңнан астам адамның кредиті кешірілді. Бюджеттен көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың төлей алмай отырған кредиттерін, сондай-ақ кепілсіз кредиттерді кешіру үшін шамамен 105 млрд теңге бөлінген.Ай сайын бір млрд доллар несие рәсімделеді»Ұлттық банк ұсынған мәлімет бойынша, қазақстандықтар орташа есеппен ай сайын бір млрд доллар шамасында несие рәсімдейді екен. Орташа үстеме 20 пайыздан жоғары, өйткені бұл кепілсіз несие», – Ekonomist.kz онлайн жобасының жетекшісі Қасымхан Каппаров.
Несиедлер бойынша ұстемақыАйтуынша, жаппай тұтыну несиесіне жүгінуге себеп те бар. Халықтың табысы аз, соның салдарынан бәрі қысқа мерзімді кепілсіз несиеге ұрынады. Осы уақытқа дейін банктерден 10 млрд доллар қарыз алған.
162 адам Қазақстанның бар байлығының жартысына ие»Сонымен қатар KPMG (аудиторлық, салықтық және кеңес беру қызметтерін ұсынатын халықаралық фирмалар желісі) Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығы ұсынған дерек бойынша 162 адам Қазақстанның бар байлығының жартысына ие. Ал 98 пайызы бір жылда он мың доллардан төмен активке иелік етеді. Яғни, бір айда 800 доллар. Бұл орташа көрсеткіш. Сол 800 доллардың өзі бәрінде бірдей бар емес», – дейді экономист.Кредиттен басқа проблема жоқ па?Қасымхан Қаппаровтың айтуынша, Әлемдік экономика мен саясат институтының зерттеуі бойынша, Халықтың негізгі проблемалары мыналар:
  • 41,3 пайыз халық үшін ол – жұмысқа орналасу. Яғни адамдар үкімет тегін ақша емес, ақша табуға мүмкіндік берсе, жұмысқа орналастырса дейді.
  • Жәрдемақы, зейнетақы, мен жалақыларға көңілі толмайтындардың үлесі де 40 пайызға жуық.
  • Сонымен қатар, әрбір бесінші (20 пайыз) қазақстандықтың проблемасы несие мен ипотеканы төлеу.
«Халықтың шығындары туралы айтар болсақ, 2000 жылдары экономика өсіп, тұрмысы жақсара бастаған. Адамдар тапқан таянғанын тамаққа емес басқа да қажеттіліктеріне жұмсаған. 2015 жылдан бастап, адамдардың кірісінің негізгі бөлігі тамақтануға кететінін байқауға болады. Бұл біздің кірісіміз аз, азық-түлік қымбаттап жатыр дегенді білдіреді», – дейді экономист.

Халықтың шығындары

Халықтың шығындары / Слайдты Ekonomist.kz жобасының жетекшісі ұсынды
Айтуынша, несиесін төлей алмағандардың қарызын банктер бәрібір кешіретін еді. Мемлекет араласпағанда, бұл адамдар қара тізімге еніп, алда мүлдем несиеге ұрынбаушы еді, дейді ол.
«Әйтпесе, халық сабақ алмайды, несиесі жабылғандар ертең барып тағы қарызданады, мемлекетті кіріс көзі сияқты көретін болады. Адамдар қаржылық сауаттарын аштыруға стимул алған жоқ. Керісінше, несие алып төлей алмасақ мемлекет жауып береді екен деген ой түйді», – дейді Қаппаров.
Билік кімге көмектесті?Мемлекет тұрмысы төмен халыққа көмектескен сияқты көрсеткісі келді. Бірақ, кредиттерді банктер жапса да, банктерге ақшаны мемлекет беріп отырғанын ескеру керек. Айналып келгенде банктерге жәрдемдесу болып тұр. Бюджет есебінен тек негізігі қарыз сомасы емес, үстемақыны қоса жапты, дейді Қасымхан Қаппаров.Мәселенің төркінін үкімет шеше алмай отыр Мемлекет қарыздарын өтеп берген адамдарда тұрақты табысы жоқ және тұрмысы нашар.Оларда жағдайын жақсарту үшін бір нәрсе бастап кететін капиталы да, білімі де жоқ. Оларға табыс көзін ұсыну керек.Айтуынша, қазір адамдар несиені, той жасау, оқудың ақысын төлеу үшін емес, күнделікті қажеттіліктеріне алатын күйге түсті. Емделуге, дәрі алу үшін де несиеге жүгінеді.
Тапқандары қосымша шығындары емес, негізгі шығындарын жаба алмайтындар бар, дейді ол.»Кредитімді өзім төлеймін»»Кредиті жабылғандар мемлекеттің мойнына отырып алады деу теріс. Өйткені жарлық бойынша енді ол адамдар кредит ала алмайды», – дейді Ұлттық банк төрағасының бұрынғы кеңесшісі, сарапшы Айдархан Құсайынов.Бұл амнистияның ең маңызды тұсы да осы. Мәселен, Грузияда адамдарды әрі қарай да несие алу үшін, қара тізімнен шығару мақсатында кредиттері кешірілді, дейді ол.»Менің естуімше, кредитімді жаппай ақ қойыңыздар, өзім жауып отырамын, тек мені алда кредит алатын мүмкіндік қалсыншы, деп өтінгендер де бар екен.
Бұл популизм емес, экономикалық саясат екеніне сенімдімін»,– дейді сарапшы.Қарапайым тілмен түсіндіретін болсам, қазір мемлекет тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақы түрінде қолдау көрсетіп жатыр. Бірақ ол ақшаны кезінде алған несиені төлеуге жұмсап отырғандар да бар.
Ал несиені өтеп беруі, көмекке берілген ақшаны басқа нәрсеге, тұрмысын жақсартуға жұмсауға мүмкіндік жасауы, дейді Айдархан Құсайынов.»Президент 60 мыңнан төмен жалақы бар екенін мойындады»»Егер үкімет осы шараларды қолға алмай тек кредиттерін жауып берсе, популизм болар еді. Негізі біз кірісі төмен адамдардың проблемасын шешкенде біраз нәрсеге көз жеткіздік», – дейді Айдархан Құсайынов.

Ең бастысы біз осындай проблема бар екенін мойындадық. Президент жұмыс істейтін адамдардың тең жартысының айлығы алпыс мыңнан төмен екенін мойындады. Біз экономикалық саясатқа бет бұрдық.

Бизнес адамдарда табыс болса ғана дамидыАйдархан Құсайынов, үкімет бизнесті емес халықты қолдау керек. Халықта ақша болса ғана, бизнес дамиды. Бизнеске ақша беріп дамытамын деу қате. Онда оларға тұтынушы да керек емес, дейді.»Біз экономикалық саясаттың өзгергенін көріп тұрмыз. Біріншіден, бұл халықтың табысын арттыру, әзірге бюджет есебінен.
Сонымен қатар жұмыс берушілерге қосымша бес пайыз салық төлеткісі де келді. Бұл да дұрыс бағыт. Кез келген экономикасы тұрақты мемлекетте бизнестен түскен салықпен халықты асырайды. Бізде осы уақытқа дейін керісінше болып келді, салықтан түскен ақшамен бизнесті қолдап келдік», – деді сарапшы.
«Біз кедейленіп жатырмыз»Қаржы кеңесшісі Расұл Рысмамбетов те, халықтың кедейленіп кеткенін растап отыр. Табысымыздың 49 пайызын тамаққа, қалғанын коммуналка, шаштараз бен дәріге жұмсаймыз, дейді ол.»Әлеуметтанушылар мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіру нақты «өсіру» емес екенін айтады.
Бұл тек индексикация, яғни қарапайым тілмен айтар болсақ компенсация. Мен кредиттік амнистияны, банктерді қанша жақтасам да, кредиттік амнистия – экономика мен банктерде тоқырау бар екенін көрсетеді», – дейді Расұл Рысмамбетов.
Айтуынша, саяси тұрғыда бұл жақсы, жағымды нәрсе. Мемлекет астанадан басқа жерде де халық бар екенін, оларды да аш қалдыруға болмайтынын түсінді, дейді ол.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, маусымның 1-іне дейінгі жалпы қарызы 3 миллион теңгеден аспайтын көп балалылардың, асыраушысынан айрылған отбасылар мен мүгедек бала бағатындардың, ата-анасыз қалған 29 жасқа дейінгі жастардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиті кешірілген болатын.
Лена Мұратбек

Дереккөз:informburo.kz