Мурад Урмановтың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады!

61
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС бас директоры Урманов Мурад Анарбекұлы 2020 жылы 11 мамырда 45 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Мурад Анарбекұлы әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Одан кейінгі саналы ғұмырын сумен қамту және су бұру салаласына арнады. Еңбек жолын механиктен бастаған Мурад Анарбекұлы іскер маман ретінде танылып, өмірінің соңында қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін кәсіпорынға жетекшілік етті.
Қалалық маслихаттың депутаты ретінде Шымкент тұрғындарына көптеген жарамды істер атқарды.
Елеулі еңбектерінің арқасында көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған. «Құрмет» орденінің кавалері.
Үлгілі отбасының отағасы. Құдайдың берген үш ұл-қызды тәрбиелеп өсіріп, төрт немересінің атасы атанды.
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС ұжымы Мурад Урмановтың ауыр қазасына байланысты туғандарына, туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз