Нобель сыйлығын алған жазушының ойлары

1091
Орхан Памуктың оймақтай ойларынан.
Орхан Памук қазіргі заманғы түрік жазушысы, бірнеше ұлттық және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, соның ішінде әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері.
* * *
Адам бақытты шағында өзінің бақытты екенін білмейді.
* * *
Менің жалғыздығымды түсінетін, алдында аяқ киімімді шешіп, тізерлеп отырмайтын және қолын сүйгізбейтін Құдайды қалаймын.
* * *
Әйел, алғашқы он минутта-ақ, ең аз дегенде, әлгі ердің болмыс-бітімін, оның өзіне кім екенін, өзінің оның сүйе алатынын немесе сүйе алмайтынын түсініп қояды.
* * *
Қалай бақытты болу жолын білгенмен, бәрібір онысынан түк те шықпайтын жандар болады.
* * *
Адамдарға боялған күлкі еріндер емес, орнына шын бақыт, өмірдегі шынайы бақыт қажет.  Суретшілер мұны біле тұра, кескіндей алмағандықтан, бізге өмірдегі бақыт орнына пайымдау бақытын ұсынады.
* * *
Махаббат  — бұл қатты құшақтасу мен бірге болу тілегі.  Айнала әлемді бір сәтке ұмыту.  Өз жанына сенімді тұрақ табу жолында ұмтылыс.
* * *
Менің білгім келетіні, махаббат адамдарды ақымақ ете ме немесе ақымақтар ғана ғашық бола ма?
* * *
Егер адамдарға сенім артпасаң, онда өмірде ешнәрсе жасай алмайсыз…
* * *
Әйелдер жеңіске деген ықыласымен өздерін өлтіреді. Ал ерлер — егер жеңіске жетуге мүмкіндік қалмаса.
* * *
Айнала астан-кестен болып жатқанда біздер күлкілі әрі ақымақ көрінісімізді елеп-ескермей, бір ғана тілекті сұраймыз: барлығының бәз баяғыдай қала беруін.
* * *
— Бақыт деген не? — Осынау жабырқау мен бос әурешілікті ұмытатын әлемді табу. Құдды  біртұтас әлемдей, біреуді ұстап тұра алу мүмкіндігі.
* * *
Екі адам жиі үнсіз қалып тұрғанда, осы бір үнсіздік әңгімеден артық маңызға ие.
* * *
… қаншалықты өліп сүйсең де, көзден кетсе, көңілден кетеді…
* * *
Телефонмен сөйлесіп жатып, сым темірдің екі қарсы бетіндегі тұрған екі адам мүлдем екі басқа жанға айналып кете алмақ.
* * *
Әлемнің құпия сыры сол,  әрбір адамның ішінде егізіндей екінші адам жатады.
* * *
Біз әр уақытта жақсы көрген адамдарымызға ең бағалымызды, қатты қорғаштайтын ең қымбатымызды беруге даярмыз. Мұның сыры,  қатты сүйгендіктен, қарымтасына ешнәрсе сұрамағандықтан.
* * *
Сізге әлдекімнің күнәсіз қалғаны олардың күнәға белшесінен батқанынан гөрі жанға қаттырақ батады.
* * *
Кез келген жүректі тіл алғыштықпен жаулап алуға болады; сабырлы ала алмаған қамал жоқ.
* * *
— Сен өлімнен қорықпаймысың? — Егер бұл қорқыту болса: қорықпаймын. Егер достық әуесқойлық болса: иә, қорқамын.
* * *
Араб шөлдерінде қар тек құм мен құрылыстарға ғана түсіп қоймай, сонымен бірге еске де түседі.
 * * *
Құпия — жақсы достыққа ең жақсы бастама.
* * *
Егер қала бізге әдемі әрі ерекше болып көрінсе, демек, біздің өміріміз де сондай болғаны.
* * *
Мектепте бізді төзімді болуға бекер үйреткен секілді. Тек өмір бойы уақыт жоғалту ғана, одан өзге ешнәрсе емес.
* * *
Біздің қоғамдағы көптеген мықты отбасылар ессіз әрі бақытсыз махаббаттарды ұмыту үшін жаралғандай.
* * *
Бақыт — өмірдегі басты проблема.  Әлдекім бақытты, ал әлдебіреу бақытты бола алмай жүр.  Көпшілік адамдар, әдетте, шамамен ортасында өтеді.
* * *
Адам өзі өткен өмірді сүюі тиіс, оған сосын да, жылдар өткенде де бейілі толуы үшін.  Дайындаған: Әкежан Дәкен