Нострадамус пен Ванганың болжамы бойынша 2021 жылы адамзатты не күтіп тұр?

212

Бүкіл әлем халқы 2021 жылы коронавирус пандемиясының аяқталуын күтеді, – деп жазады zakon.kz.

Келе жатқан 2021 жыл – Сиыр жылы.

Нострадамустың 2021 жылға арналған болжамы бойынша теңізде үлкен шайқас болып, өрттен жануарлар көп зардап шегуі мүмкін.

Мұны мамандар болашақтағы табиғи апаттарды білдіреді деп болжайды. Цунами, жанартаулар атқылауы және теңіз бетіндегі өрт көбеюі ықтимал.

Нострадамус сонымен қатар жаңа сауда-саттық мүмкіндіктерінің ашылуы туралы айтады. Қолөнершілердің өніміне сұраныс артатынын болжады. Мүмкін әңгіме барлық жерде болатын онлайн-сауда және қолөнер бұйымдарына деген сұраныс туралы болып жатқан шығар.

Жақсылық пен жанашырлық қарым-қатынаста басты орын алады. Агрессия мен қақтығыстарды басу керек. Адамдар бірін-бірі тыңдап, келіссөздер жүргізуге мәжбүр болады. Тұрғылықты жерді ешқандай себепсіз ауыстырудың қажеті жоқ.

Ал көріпкел Ванга 2021 жылдың бетбұрыс кезеңі болуы мүмкін екенін болжаған. Табиғи апаттар, дағдарыстар және кейбір елдердегі проблемалар және т.б. Жағалаудағы қалалар үлкен толқын астында қалады, адамдар қорқынышпен өмір сүреді. Сейсмикалық және жанартаулар жиі атқылауы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз