Роза Рымбаева Украина төрінде халықаралық жүлдеге ие болды

210
Роза Рымбаева Украина төрінде «Жыл адамы» халықаралық жүлдесінің иегері атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваға мәдениет және өнер саласындағы халықаралық премия табысталды. Отандық эстрада дүлдүлі өнер мен мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін марапатталған.
Бұл қуанышты хабарды бірінші болып әншінің ұлы Әли Оқапов Instagram парақшасына: «Роза Рымбаева — жыл адамы. Украина 2019. Беларусия мен Ресейден кейін, енді міне Украина да анамды үлкен жүлдемен марапаттады» деп жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.
Халықаралық жүлдені салтанатты түрде табыстау рәсімі Киев қаласындағы  Тарас Шевченко атындағы Украина ұлттық опера және балет театрында өтті.
Жалпыұлттық «Жыл адамы» байқауының лауреаттарына жүлде табыстау рәсімі биыл Украинада 23-рет ұйымдастырылған. Бұған дейін бұл марапатқа Италья теноры Алессандро Сафина, өзбектің халық әртісі Фаррух Закиров, әйгілі Тото Кутуньо мен француз әншісі Патрисия Каас ие болған.

Ұсынған: Мақпал Сембай

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз