Шымкент қаласының әкімі жастарға Шымкенттен кетпеуге кеңес берді

311
Еліміздің үшінші мегаполисінде «U: hack» фестивалі аяқталды. Фестиваль еліміздің барлық өңірлерінен келген жастардың басын біріктірді. 1500-ге жуық қатысушы түрлі салалардағы жобаларын жариялады.
Фестивальдің жеңімпаздарын Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құттықтады: «Бұл байқау еліміздің түкпір түкпірінен келген жастардың басын қосып отыр. Шымқаламызда мұндай фестивальдар алдағы уақытта ұдайы өткізілетін болады. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын, сәттілік пен өрлеу тілеймін. Мен жастарға Шымкенттен кетпеуге кеңес берер едім. Бізді керемет келешек күтіп тұр. Тек өткен жылдың өзінде біздің қаламызға отбасыларымен бірге көптеген жастар қоныс аударды», — деді Ғабидолла Әбдірахымов.
Үшінші мегаполис басшысы жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша өзінің жоспарларымен бөлісті. Қалабасы шағын және орта бизнесті қолдау үшін көптеген бағдарламалар әзірленіп жатқандығын, сондай-ақ танымал жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.
«U: hack» фестивалін «ӘКК-Шымкент» қолдауымен «U: Projects» командасы ұйымдастырды. «U: hack» идеясының авторы «U: Projects» ұйымының жетекшісі Тоқтар Әлімбеков. Оның айтуынша, жоба жаңа идеяларды іске асырады.
«Біз нәтижеге ризамыз, бәрі алда, бәрі жақсы болады. Танымал спикерлер біздің қаламызға арнайы ат басын бұрды. Озық ойлы жастар біздің қаламызды, біздің елімізді көтереді» дейді Тоқтар Әлімбеков.
«Менің ойымша, бұл біздің қаламыздағы үлкен өзгерістердің басы. Шымкент барлық бағыттар бойынша серпіліс жасауы керек, сол уақытта да өзінің ерекшелігін сақтап қалады. Фестивальге қатысатын балалар табысқа жетеді. Мемлекет басшысы Жастар жылын ашты, содан кейін бірден «U: hack» фестивалі өтіп отыр. Біз оларға тың жобалар жасауды ұсындық, жаңа идеялар мен жаңа жобалар қажет. Біз оларды дамытуға көмектесеміз», — деді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
Болашаққа жоспарланған көптеген жобалар бар, ал үшінші мегаполис жастары бүкіл елімізге пайдасы тиетін жобалар ойлап табуды жоспарлап отыр. Жас жігіттердің айтуынша, ол үшін барлық жағдай жасалып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз