Шымкентте ағайынды Гриммдер көрме-мұражайы ашылды

105
Шымкент қалалық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында ағайынды Гриммдердің жылжымалы кіші көрме-мұражайы ашылды.
Алғаш рет бұл көрме Ресей Федерациясында ашылған болатын. Қазақстан Республикасының  аумағында жылжымалы мұражайдың көрмесі бірнеше ірі қалаларда өтті. Оның жалғасы ретінде алғаш мәрте Шымкент қаласында ашылып отыр.
Көрменің ашылуына оқушылар мен студенттер, ағайынды Гриммдердің шығармашылығына әуестенуші қала тұрғындары қатысты. Қойылған экспозицияда танымал неміс жазушыларының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын бұйымдар көрініс тапқан. Көрме-мұражайдың қоры туралы арнайы дайындықтан өткен экскурсоводтар баяндайды.
«Бұл көрме 2018 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен үлкен көрменің базасында әзірленген. Жылжымалы кіші көрменің ерекшелігі сол, оны көптеген қалаларға тиімді апарып көшпелі көрмелер ұйымдастыруға болады. Шағын көрме алдымен Қостанай қаласында ашылып, екі ай бойы Тараз қаласында ұйымдастырылды. Енді міне көрме Шымкент қаласына келіп, көрермендерге ағайынды Гриммдердің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі деректер ұсынылып отыр», — дейді Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Бас консулдығының мәдениет жөніндегі атташесі Вероника Гончароф ханым

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз