ТҮРКІСТАНДА ПРОКУРАТУРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

1634
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Прокуратура күні» мерекесіне орай, аталған салада қызмет етіп жүрген барша заң қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған салтанатты шараға қатысты.
«Құрметті Прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді ҚР Прокуратурасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздікпен қатар жасап келе жатқан бұл маңызды орган — құқық қорғау жүйесінің орталық институттарының біріне айналды. Прокуратура органдары бүгінгі таңда құқықтық саясатты, адамдардың конституицялық құқығын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіп саласында өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда», — деді өңір басшысы.
Мұнан соң, аталған сала мамандарын бүгінгі кәсіби мерекемен облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұловтар құттықтады. Салтанатты басқосуда 16 прокуратура саласының қызметкері марапатталып, жас прокурорлар ант қабылдады.
Жалпы, 2018 жылдың 11 айында облыстық прокуратурамен 13 мыңға жуық азаматтың конституциялық құқығы қорғалса, оның 2300-і жасөспірімдер құқығына байланысты болған. Ал облыс әкімдігімен бірлескен «Қауіпсіз орта қалыптастыру» іс-шарасы аясында прокуратура қызметкерлері басқарған топтар 102 елді мекенде 70 мыңға жуық адаммен кездесіп, 3 мыңнан астам құқықтық көмектер көрсетіпті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі