Ұйғыр ауданына Қонаевтың аты берілсе…

78
Қазақстанда ешқандай  мемелкеттік  идеология  жоқ екені уақыт өткен  сайын  дәлелденіп келеді. Әсіресе  елімізде  тұрып  жатқан өзге  ұлт  өкілдері «Қазақстан  менің  Отаным,  мен  осы  елдің азаматымын»  деген сөзді айтқысы келмейді. 
Неге?  Өйткені  біз оларға қазақтың тілін,  мәдениетін және өздері өмір сүріп  отырған  жер өзгенің  емес,  иісі  қазақтың атамекені екенін сіңіреде алмадық, түсіндіреде алмадық. Керісінше «бірлігі  жарасқан елміз» деген  жалған,  жалпақшешей  ұранға малданып  жүрміз. Енді келіп осының  тақсіретін тартып жатырмыз. Дәлел керек  пе?  Айтайық. Қазір өзге  жұрт  арасында  қазақтың  тілін керек  қылмайтындар,  мемлекеттің заңын   сыйламайтындар көбейді.
Арыға  бармайық, ақпандағы  Қордай  қақтығысы, күні кеше  болған Шонжыдағы  дүрбелең соның  бір көрінісі. Екі  жерде де қазақпен өзге ұлтың (дүнгенмен ұйғыр) тікетіресі.  Дүнгенде,  ұйғырда  қазақтың тілін  тіл деп,  мемлекетті, ол  мемлекеттің  заңында қыстырып  тұрған  жоқ. «Не  істесекте  өзіміз  білеміз»  деген кейіп танытуда. Міне,  жеткен  жеріміз. «Балақтағы бит басқа  шықты»  деген  осы. Бұл соңғы отыз  жылда жүргізілген  саясаттың «жемісі».
Сырттан келіп, Қазақстанды  пана тұтқандарға мәдени  орталық,  театрлар, мектептер ашып  беріп,  тілін,  мәдениетін  дамытуға жол  ашудың кесірі енді  өзімізге таяқ  болып тиюде. Өз  мектебі, театры,  мәдени  ошақтары бар  өзге  диаспора қазақтың тілін,  мәдениетін т.б қайтсін! Міне  үлкен қателік. Енді олар  өзімізге  қарап үруде.  Қордайдағы  қазақ дүнген қақтығысында асығыс-үсігіс жаба салдық.
«Дүнгендер  қазақ  тілін үйрене  бастады» деген «әдемі» әңгіме айтуға  көштік. Ол ұлтаралық  қақтығыстың  негізгі  себебінен  қортынды  шығармадық.  Осы мемлекеттің  иесі  бола  тұра, алақандай  «Масаншы»  деген ауылдың атын  қазақыландыра алмадық. Міне енді Ұйғыр ауданындағы  жағдай. Әрине  бұл қазақпен  ұйғыр арасындағы бірінші жанжал емес. Бұрында  болған. Жарылудың алдында  тұрған  бітеу жара. Мұны жедел реттемесе  болмайды.
Жергілікті  қазақтар,  қоғам  белсенділері, ұлт  зиялылары  баяғыдан  бұл ауданның атын  өзгертуді талап етіп, айтып келді. Бірақ  ешқандай  қортынды  болмаған.  Енді бөгелудің  реті  жоқ. Әлмерек  деп пе, Қарадала  деп пе өзгерту крек. Тіпті болмаса қазақ елін  ұзақ  уақыт  басқарған Дінмұхамед  Қонаевтың атын берсін. Ұйғыр ауданы (аудан тұрғындарының  ара  салмағы  ұйғырлар: 36 700,  қазақтар 24 700 адам)   деп қала  берсе, ұйғырлар ауданда,  жерде  біздікі екендеп  малданып, әлсін-әлсін бас  көтере  берері хақ.
Оны  болдырмау  үшін аудан атын өзгертіп, тіпті сол ауданға  қарасты ұйғырлар атындағы ауылдардыңда атын ежелгі қазақ  атауларына  көшіру керек-ақ.
Қазақтың  тым  қонақжайлығының  шегі  болуы тиіс. Жердің  иесі кім екенін  өзге  жұрт білгені  жөн. Облыс әкімі Баталов  аудан атын өзгертуге уәде  беріпті. Қолдау керек. Бұдан бұрында еліміздегі ұлтаралық  қақтығыстар  болуы мүмкін анклавтар жайында жазғанбыз.
Билік осы  мәселеге жүрдім бардым қарамауы  тиіс. Бұл  мемлекеттің  қауіпсіздігі  жөніндегі  мәселе. Кез-келген жағдайдың алдын алу керек.  Яғни  бізге ұлтаралық  саясатты  қайта  қарап, қазақ  мүддесіне  сай  жасалғаны құп  болар еді.
Азаматхан  ӘМІРТАЙ, 
«Байтақ – Болашақ» экоальянсының  төрағасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз