«Үйлері миллиардтармен есептеледі»: Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы ВИДЕО тарады

1487

Алайда, ол аталған роликке қатысты көп күттірмей өзінің Facebook-тегі парақшасында жауабын берді…

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының дүние-мүлкі туралы видеоролик кеңінен тарап кетті. Авторы жоқ бейнематериалда экс-министрдің жылжымайтын мүлкінің құны миллиардтармен есептеледі делінген, деп хабарлады paryz.kz.

Алайда, Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған роликке қатысты көп күттірмей өзінің Facebook-тегі парақшасында жауабын берді.

«Достар, мұнда бір видео белсенді түрде таратылуда. Маған оны бүгін 10 мәрте жіберді. «Ауызына май» дегендей… Шамасы, жала жабу мен арандатулар әлі көп болатын сияқты. Кезекті ақпараттық шабуыл қарқын алуда. Әдеттегідей, анонимді, жалған… Әр кезде ұмытпайтындарыңызға рақмет», — деді ол.