ШЫМКЕНТТЕ ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ЖАСТАРҒА СЕМИНАР-ТРЕНГИНГ ӨТКІЗІЛДІ

656
Әл-Фараби кітапханасында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Jastarga-Qyzmet» soft — skills тұлғалық дамыту бойынша пробация есебінде тұрған жастарға оқыту семинар – тренингі өтті.
Лидерлік қабілетті арттыру бойынша сабақты коуч, бизнес-жаттықтырушы, кеңесші және медиатор Алмас Толықбаев және психологиялық оқыту, топтық жұмыстар, уақытты тиімді пайдалану бойынша кәсіби коуч, тәжірибелі психолог, бизнес тренер Гүлжанат Битанова жүргізді.