«ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ — ҚАЗЫНАСЫ БАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

1471

01-қазан «Халықаралық қарттар күніне» орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Еңбекші ауданы мамандары мен «Мейірім» қайырылымдық қоры бірлесе отырып «Қарты бар ел — қазыналы ел» атты іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсатты — қарттар үйіндегі қарт кісілердің көңіл-күйін көтеріп, мерекелерімен құттықтап, оларға жылу сыйлау.

Аталмыш іс-шара «Сарыарқа» дәмханасында, «Қарттар үйіндегі» 15 қарт кісінің қатысуымен өтті. «Жаннатул Фердауси» қоғамдық қайырымдылық қорының директоры  Бөбей Батихан Қуандықұлы келіп, діни уағыз айтып, қарт кісілерімізбен сұхбаттасты.
Қайырымдылық шараға «Мейірім» қайырылымдық қорының директоры Асан Жазира Тилеубергенқызы демеушілік жасап, қарияларға арнайы кішігірім сый-сыйапаттар тарту етті.