ECO SANA : «БІЗ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ВОЛОНТЕР ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

1092

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Eco sana: «Біз таза қала үшін» жобасы аясынжа волонтер жастарға арналған оқыту семинар-тренингі өтті.

Тренингке ASAA жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова, Reframe тұлғалық дамыту орталығының басшысы, тәжірибелі психолог Гулжан Вероцкая, Шымкент қаласының «Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының» бас маманы Ержан Мусабай және жобаға қатысушы қоғамдық ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан белсенді топтар қатысты.

Аталмыш шара барысында экологиялық еріктіліктің 10 пайдасы жайында тренинигтер жүргізілді. Олар: 1) Жастарды тазалыққа баулу; 2) Жаңа ортамен таныстық; 3) Қоршаған экологияны қорғау; 4) Табиғатқа үлес қосу; 5) Жаңа жерлермен танысу; 6) Көмек қолын созу; 7) Мейірімділікке баулу; 8) Топпен жұмыс жасау; 9) Жан-жақты даму; 10) Жастарды табиғатты сүюге баулу.

Сондай-ақ іс-шара соңында қатысушы топтарға кофе-брейік ұсынылып, тренингке қатысқандары үшін арнайы сертификаттар берілді.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.