Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан саяси партия құратынын мәлімдеді.
“Достар, ағайын! Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік — яғни бүгінгі залында отырғандардың — Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысу керек”, – деді ол Facebook парақшасында.
Тайжанның айтуынша, ел мен ұлт жанашырлары жаңа партия құрып, келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңе отырып билікке келуі қажет.
“Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы ЖЕР ҚОРҒАНЫ болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білем. Жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз. Менің жанжақты ұстанымдарымды, пікірлерімді жақсы білесіздер деп ойлаймын”, – дейді ол.
nege.kz