Ресей президенті Владимир Путинге ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Енді ол Н.Н.Блохин атындағы Ұлттық онкология медициналық орталығында шұғыл ота жасауға дайындалуда.
Бұл туралы белгілі израильдік журналист, «Толығырақ» интернет-басылымының шолушысы Марк Котлярский Мәскеудегі таныстарынан білгенін хабарлады.
Оның айтуынша, Блохин атындағы орталық ғимаратының бірі операцияға дайындалып, басқа науқастарды қабылдауға жабылған. Қазір №1 науқас операция алдындағы тексеруді (іш қуысының пункциясы) күтіп отыр.
«Ұйқы безінің қатерлі ісігі – бұл органның шығару жолдарында безді және эпителий тіндерінің бақылаусыз өсуімен сипатталатын қатерлі агрессивті ісік. Аурудың асқынып кеткені сонша, операция өмірді ұзартқанымен, ол ұзаққа созылмайды. Дереккөздердің айтуынша, ең көп дегені 3-4 ай» деп жазды Котлярский.
орда.кз